Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Колледжде №4 Әдістемелік кеңес «Оқытушылардың кәсіби-әдістемелік құзыреттілігін үздіксіз ізденіс арқылы дамыту» тақырыбында өткізілді. Кеңестің мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, заманауи білім беру талаптарына сай тәжірибе алмасу және оқыту сапасын жетілдіру.
Кеңес барысында күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды.
Алғашқы болып Нургазина Г.С. «Колледжде тарих сабағында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында баяндама жасап, білім алушыларға ұлттық тәрбиені сіңірудің заманауи әдістерімен бөлісті.
Келесі кезекте Каппасова Ш.К. «Кәсіби құзыреттілікті дамыту үшін зертханалық сабақтарды ұйымдастыру» оқу-әдістемелік құралы бойынша өз тәжірибесін ұсынып, зертханалық жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдарын көрсетті.
Сонымен қатар, Сарсембаева Б.М. педагогтерді аттестация ережелерімен таныстырып, маңызды өзгерістер мен талаптарға тоқталды.
Кеңес қорытындысы бойынша оқытушылар арасында тәжірибе алмасу жүргізіліп, кәсіби дамуға бағытталған нақты ұсыныстар қабылданды